Екібастұзда жұмысшы қаза тапты. Оқиға «Богатырь» көмір кенішінде болған. 1982 жылы туған азамат суару қондырғысына дизель отынын құю барысында ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмды. Марқұм кеніште слесарь болып жұмыс істеген. Жазатайым жағдайға байланысты өңірдің еңбек инспекциясы тексеру жұмыстарын бастады.
ЕРБОЛ САЙФУРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Қазіргі таңда Мемлекеттік еңбек инспекциясымен комиссия құрылып жатыр. Жазатайым оқиғаның себептерін анықтау үшін. Анықтау барысында қосымша ақпарат береміз.