$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Май өңдеу зауытынан шығатын қалдықтан төрт ауыл зардап шегуде

Май өңдеу зауытынан шығатын қалдықтан төрт ауыл зардап шегуде

Алматы облысындағы Төңкеріс ауылының тұрғындары май өңдеу зауытынан шығатын жағымсыз иіске тұншығып отыр. Айтуларынша екі жылдан бері жеке кәсіпкер ауылдың қақ ортасынан зауыт ашып, жұмысын  бастаған. Иістің жағымсыз болғаны соншалық көшеде жүру түгілі тіпті терезе ашудан қалдық дейді. Бірнеше рет әкімдікке шағымданғанымен шара қолданылмапты.  Мәселенің мән жайын толығырақ Жомарт Түзелбай тарқатады.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Ауыл тұрғындарының мазасын алған май өңдеу зауыты осы. Арыздың көп түсуіне байланысты күні кеше ғана жұмысын тоқтатқан.  Бүгін қақпасы жабық. Бірақ соның өзінде газға ұқсас  жағымсыз иіс сезіледі. Бұл иіс жақын маңдағы төрт ауылға дейін жететін көрінеді.

Май зауыты 14 гектар аумақты алып жатыр. Екі жыл бұрын жұмысын бастаған.Ашылған күннен ақ, қарашаның құтын қашырып, жағымсыз иіске әбден тойдырған көрінеді. Өзі үш мыңға жуық қана тұрғыны бар ұядай ауыл болған соң, кәсіпкерге де белсенділер өтініш жасаған. Алайда  құлақ аспапты.

АЙГЕРІМ НҰРДАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл завод жабылсын. Жабылсын. Істемесін. Ауылдың қақ ортасында какой имеет права вобще бұндай вазвод ашуға. Ешқандай құқылары жоқ. Бір ғана ауыл емес төрт ауылды құртып жатыр. Ауамен жердің бәрін ластап тастаған. Ол отходтарды олар деген полигонға апаратын разрешениелері жоқ. Келеді да мына сай сайға кеп төгіп кетеді мысалға.

АСИЯХАНУМ МАКИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Ұзын ұзын камаздар кіреді. Дальнобойщниктар кіріп жатыр. Кешке тұрсаңыз бірінің артынан бірі кіріп жатыр. Обработканы алып апарады ғой.  Қыздар Қапшағайға барды. И че толку. Оны бір біріне сілтеп жатыр. Анаған жібереді мынаған жібереді.

Мәселені естіп жетіп келген әкімдік қызметкерлері тұрғындар сөзін жоққа шығарды. Тіпті екі жыл ішінде бірде бір шағым түспеді дейді. Одан қалса зауыт өз жұмысын бастағалы бір ай ғана өтті деп айды аспаннан бір ақ шығарды.

СӘУЛЕ МЫҚТЫБАЕВА, ПАНФИЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бізге тұрғындардан ешқандай да шағым түскен жоқ. Бізде 28-і күні шағым түсті. Сол шағым бойынша біз келдік. Екі жыл бойы мүлдем шағым түспеді ма сіздерге? Мүлдем шағым болмады. Ешқандай запах сезбедік. Сезетін болсақ келеміз ғой. Вобще ешқандай запах болған жоқ. Біз частный територияларға кіріп, тексеріп жүру, біздің құзырымызға жатпайды негізінде.

Қазір май зауытының жұмысы уақытша тоқтап тұр.Әкімдік тарапынан экологтар мен салық комитеттеріне өтініш жолданды. Мамандардың айтуынша мұншалықты жағымсыз иіс шығудың себебі зауыт құрылғыларында сүзгінің болмауы екен. Егер кәсіпкер мәселені шешіп, тексерістерден өтсе әрі қарай жұмысын тоқтатпауы әбден мүмкін.