«Нипах» вирусына байланысты әуежайларда бақылау күшейтілді. Алматы халықаралық әуежайының кіру пункттерінде аса қауіпті инфекцияны анықтау және оқшаулау бойынша дайындық тексерілді. Мамандардың айтуынша, барлық қызметтер үйлесімді жұмыс істеуге дайын. Қазіргі таңда Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру немесе оның ел аумағына таралу жағдайы тіркелген жоқ. Дегенмен, сақтық шараларын күшейту маңызды.
АЙМАН НИЯЗБЕКОВА, ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ КАРАНТИНДІК БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Бүгін Алматы халықаралық әуежайында аса қауіпті инфекцияларға және карантиндік инфекцияларға күдікті науқасты анықтау бойынша оқу жаттығу өтті. Бұл оқу-жаттығуға барлық ведмствомалық қызметтер қатысты. Оқу жаттығу нәтижесі бойынша барлық қызметтер жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.