$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ЖИ экономикаға серпін бермек

30.01.2026ж. 19:00
ЖИ экономикаға серпін бермек

Жасанды интеллектіні енгізу экономиканы ілгерілетеді. Мамандардың айтуынша, бүгінде жасанды зерде сан салада қолданылады. Мысалы, мемлекеттік қызметтердің 90% онлайн форматқа көшіріліп, азаматтарға қызмет алу жеңілдеген. Операторлардың жұмысы оңайлап, былтырдың өзінде 51,5 миллион онлайн-қызмет көрсетіліпті. Тың технология уақыт пен ресурсты осылай үнемдеді. Жыл соңында қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемі шамамен 1 миллиард долларға жеткен. Қазір жасанды зердені оралдық оқу орындары да кеңінен қолданып жатыр. Ғалымдар күнделікті ауа райынан бастап, сабақтың қай дәрісханада өтетінін, тіпті студенттер іздеген оқытушының қай жерде жүргенін де көрсетіп беретін робот құрастырыпты. Енді жансыз бейнені қазақ қызы алмастырмақ. Қазір ғалымдар ақылды көмекшінің дыбысын реттеп, бағдарламасын жаңартып жатыр.

ДӘУРЕН ҒАБДЫРАХИМОВ, ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Көп уақыт үнемдейді, ең бірінші уақыт үнемдейді. Сол ең көп әсер ететіні экономикаға. Мысалы, көптеген отчеттар жасағанда, есептер жасаған кезде уақытты көп алады ғой. Ал ол сізге көмектеседі уақытты азайтуға. Оны ешқандай адамды ауыстырмайды. Себебі адамды ауыстыру үшін ондай мүмкіндіктер қазір жоқ.