$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылордалық ерікті жастар ардагерге қолғабыс жасады

Қызылордалық ерікті жастар ардагерге қолғабыс жасады

Қызылордалық ерікті жастар қарияға қолғабыс жасады. Райкүл Жайымбайқызы 84 жаста. Ол жалғыз тұрады. Сондықтан үй шаруасына қолғабыс жасауға жастарды көмекке шақырған. Олар да игілікті іске ауызбіршілікпен жұмыла кірісті. Кейуана алғысын жаудырып, батасын берді. Былтыр «Жастар рухы» ЖҚ-ның еріктілері 270-ден аса қарияның үйін, ауласын тазалап, азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Бұл «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында жүзеге асқан.

РАЙКҮЛ ЖАЙЫМБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Халыққа да үлкен кісілерге де үлкен құрмет. Тәрбие, екінші жағынан мейірімділік бір-біріне адамның. Біреуге біреу көмектессе ол өте жақсы. Мысалы есіктің алдын күреп беріп жатыр. Мен қай уақытта күреймін. Күрей алмаймын, отырамын осылай. Рахмет, Сіздерге.