$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістанда «Таза Қазақстан» жобасы аясында жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді

Түркістанда «Таза Қазақстан» жобасы аясында жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілді

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында әлеуметтік-маңызды шара ұйымдастырылды. Бастамаға ұйытқы болған -облыстық «Жастар ресурстық орталығы». Белсенді  жастар 89 жастағы тыл ардагері  Раиса Шакированың үйіне барып,  қолғабыс жасады. Ауладағы қарды тазалады. 40 жылдан астам теміржол саласында тер төккен зейнеткер өзіне жиі көмекке келіп тұратын жастарға рақметін айтып, ризашылығын білдірді. 

НАРИМАН МАРХАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Алдағы уақытта осы іс-шаралар жыл бойына бізде жалғасын табатын болады. Бұл жерде тек Түркістан қаласында ғана емес, Түркістан облысына қарасты 17 қала-ауданда да өз жалғасын тауып, алдағы уақытта осындай қолдау шаралары көптеп ұйымдастырылатын болады.