$541.34 €640.73 ₽6.53
×

16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

30.01.2026ж. 22:52
16 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: unsplash.com

31 қаңтарда 16 өңірде ауа райы күрт құбылып, шығыс аймақтарда қолайсыз метеорологиялық жағдай болжануда.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, ел аумағының басым бөлігінде қалың тұман түсіп, кей өңірлерде қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болып, жел екпіні күшейеді. Шығыс аймақтарда атмосфералық ауаның таралуына қолайсыз әсер ететін метеорологиялық жағдай күтіледі.

Ақмола облысыныңшығысы мен оңтүстігінде тұман қоюланып, солтүстігінде оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бағыттағы желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде қар аралас жауын-шашын түсіп, бұрқасын байқалады, ал оңтүстігінде тұман сақталады. Петропавл қаласында жел күшейіп, қолайсыз ауа райы қалыптасады.

Қостанай облысыныңсолтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Батыс, шығыс және оңтүстік аймақтарында тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді. Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман жиілеп, жол қозғалысына қиындық туғызуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындажел күшейіп, тұман қоюланады. Өскемен, Риддер және Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайдың екінші дәрежесі сақталып, ауа сапасының төмендеуі ықтимал.

Оңтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Түркістан облысындажаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ пен бұрқасын байқалады, ал таулы аймақтарда қалың қар түсуі мүмкін. Жамбыл облысының таулы аудандарында қарлы боран соғып, кей жерлерде көктайғақ қалыптасады. Тараз қаласында тұман түсіп, жолдар тайғақ болады. Жетісу облысында, әсіресе Алакөл маңында жел екпіні күшейіп, секундына 23–28 метрге дейін жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылордажәне Маңғыстау облыстарындада тұман түсіп, қар жауып, жел күшейеді. Кей өңірлерде көктайғақ болып, ауа райы қолайсыз болмақ.