Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында республикалық маңыздағы «Жезқазған–Қарағанды» автожолында жеңіл автокөлік техникалық ақауға байланысты жолда қалып қойды.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жіберілді. Құтқарушылардың көмегімен автокөліктен 5 адам эвакуацияланып, Жаңаарқа кентіне жеткізілді.
Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.
Ауа райының және жол жағдайының өзгеруіне байланысты ТЖМ жүргізушілерді жолға шығар алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын мұқият тексеруге, қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми ақпарат көздерін бақылап отыруға шақырады.