Қазақстандық спортшы Ержан Еренқайыпов (-66 кг) халықаралық жарыстардан шеттетілді.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) мәліметінше, Е. Еренқайыпов 2023 жылы Азия кубогының ашық турнирінде топ жарған.
Кейінгі қатысқан халықаралық жарыстардың бәрінде жеңіліске ұшыраған қазақстандық балуан сәтсіз сериясын тоқтатып, Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген.
Аталған жайсыз оқиғаға қатысты отандасымыздың аты-жөні IJF рейтингідегі тізімнен алынды.