$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ер мен әйелдің ерікті әрі тең одағы – жаңа Конституциялық жобаға неке туралы түсінік енді

31.01.2026ж. 15:00
Ер мен әйелдің ерікті әрі тең одағы – жаңа Конституциялық жобаға неке туралы түсінік енді
Фото: pixabay

Конституцияның жаңа жобасында Қазақстанда ер мен әйелдің ерікті одағын ғана неке деп атау бекітілді. Бұл ел құндылықтарын сақтауға мүмкіндік береді. 

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Конституциясының жаңа жобасын таныстырды. Онда заңды неке ұғымына түсінік берілген.

«Неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы екендігі туралы ереже енгізіледі. Бұл шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға және әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған», делінген Конституция жобасында.