$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлы Дала - жаңа Ата Заң жобасында шегеленген ұғым

31.01.2026ж. 15:55
Ұлы Дала - жаңа Ата Заң жобасында шегеленген ұғым
Фото: ашық дереккөз

Жаңа Ата Заң жобасында Қазақстан халқының тарихи сабақтастығы мен мемлекеттілікті нығайтуға деген ұстанымы нақты айқындалған. Құжатта байырғы қазақ жерінде қалыптасқан мемлекеттілік дәстүрін сақтау, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының жалғастығын қамтамасыз ету негізгі қағидат ретінде бекітілген.

Сондай-ақ мемлекеттің унитарлы сипатына, оның аумағы мен шекарасының тұтастығына қол сұғылмайды. Конституция жобасы «Әділетті Қазақстан» идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын басшылыққа ала отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталатынын жария етеді.

Құжатта бірлік пен қоғамдық келісім, этносаралық және конфессияаралық татулық, мәдениет пен білім, ғылым мен инновацияны дамыту келешек ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілік негізгі бағдар ретінде көрсетілген.