$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Теңіз кен орнындағы өрттен кейін мұнай өндіру қайта басталды

31.01.2026ж. 18:35
Теңіз кен орнындағы өрттен кейін мұнай өндіру қайта басталды
Фото: kz.kursiv.media

Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта жанданғанын хабарлады.

Жедел штаб мәліметіне сәйкес, бүгін алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылды. Қазір 5 ұңғыма жұмыс істеп тұр. Өндіріс көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылған соң кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, «Теңізшевройлдың» үлесіне Қазақстандағы мұнай өндірудің шамамен үштен бірі тиесілі.