ТЖМ құтқарушылары лифт ішінде қалып қойған балаға көмекке келді.
Асана қаласы А.Бараев көшесі бойында орналасқан жаяу жүру көпірінде 2011 ж.т. бала лифт ішінде тұрып қалды. Дауысын естіген оқиға куәгері 112-ге хабарласты.
Шақырту орнына келген құтқарушылар арнайы кілттің көмегімен лифт есігін ашып, баланы шығарып алды.
ТЖМ лифтте тұрып қалғанда келесі ережелерді ұстану керек екенін еске салады:
1. өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
2. диспетчерге хабарласыңыз;
3. барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
4. лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
5. барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.