$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады

ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады

Бүгін Сәтпаев қаласы Мәңгілік Ел көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің біріне жапсарлас салынған дүкенінен өрт шықты.

Құтқарушылар өрт сөндіру барысында баспалдақ маршымен 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.

 Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ  өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады!