Талдықорған станциясының №215 жолында тұрған 5 цистерналы вагон өздігінен жылжып, №214 сақтандыру жолының тұйық призмасына соқтығысу салдарынан 2 вагон рельстен шығып кетті.
Қазір Талдықорған - Қарабұлақ бағыты уақытша жабылып, №3604 пойыз тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Оқиғаның нақты себебін арнайы комиссия анықтайды.