Ақмола облысының Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті.
«Газель» автокөлігінің жүргізушісі азық-түлік дүкенінің аумағынан артқа қарай қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншілерді байқамай қалған.
Оқиғадан 13 және 16 жастағы екі жасөспірім зардап шеккен. Мектеп оқушылары бірден медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексерісінен кейін балалардың ауыр жарақат алмағаны анықталды.
Ақмола облыстық Полиция департаменті жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріп, егжей-тегжейін зерттеуде.