Қазақстанда
блокчейн және криптовалюта қауымдастығы құрылды. Ұйым блокчейн технологиясын
шетелдік озық тәжірибелерді қолдана отырып, ел экономикасына енгізуді көздейді.
Екі ай бұрын құрылған қауымдастық "Астана" халықаралық қаржы орталығымен бірлесе
жұмыс істейді.
Сондай-ақ Қазақстан криптовалюта туралы заңнаманы жетілдіруге
кіріспек. Көршілес Ресей аталмыш заң жобасын алдағы маусым айында қабылдайды.
Ал Беларусь өзінің атақты технопаркінде криптовалютамен есептесуге рұқсат
берген. Және 2023 жылға дейін ешқандай салық салынбайды.
Есет Бутин, "Қазақстан блокчейн және криптовалюта ассоциациясы" кеңесінің төрағасы:
Біріншіден, ол қазақстандық ақшаның шет елге жылыстауына тосқауыл болады. Біздің азаматтардың басым бөлігі басқа нарыққа кетіп жатыр. Ол Ресей, АҚШ, Сингапур сияқты. Адамдар бәрібір сатып алады.
Биткойн
- онлайн есептесу құралы. Қауымдастық төрағасы салыстырма ретінде, адамдар
бұрын аң терісі немесе алтынмен есептессе, қазір заман талабына сай, онлайн
ақша пайда болғанын түсіндірді. Бағасы өте құбылмалы, мәселен, 2017 жылы бір
биткойн 1000 доллар болса, желтоқсанда 20 мың долларға дейін өсіп кетті.
Бүгінде құны 15 мың долларды құрайды. Қаусымдастық мүшелері бұл салаға
табыстың 10 пайыздайын салып, қатысуға болады деген пікірде.