$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Барыс» командасы бүгін «Амурмен» кездеседі

02.02.2026ж. 14:04
«Барыс» командасы бүгін «Амурмен» кездеседі
Фото:«Барыс» хоккей клубы

«Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) клубына қарсы өткізеді.

Кездесу Қазақстан уақытымен 14:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Айта кетейік, қазіргі кезде турнирлік кестеде «Барыс» хоккей командасы 39 ұпаймен 19-орында, ал «Амур» 41 ұпаймен 18-орында тұр. 

Елордалық клуб осы мачтан кейін 4 ақпан күні түзде «Адмирал» (Владивосток) хоккей клубымен шеберлік байқасып, кім мықтыны анықтайды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін «Барыс» сырт айдындағы ойында  «Амурға» буллит сериясында 1:2 есебімен есе жібергенін жазған болатынбыз.