$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елдегі халық саны қанша?

02.02.2026ж. 17:38
Елдегі халық саны қанша?
Фото: pixabay.com

2026 жылғы 2 ақпанда Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған статистикалық мәліметтерді ұсынды. 

Ресми деректерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны 20 495 975 адам болды.

Оның ішінде, әйелдер — 10 477 240 адам, ерлер — 10 018 735 адам.

Бюро мәліметінше, елдегі қалалық халық саны 13 029 803 адамға жетсе, ал ауылдық халық саны 7 466 172 адам болған.

— 2025 жылдың басымен (20 283 399 адам) салыстырғанда халық саны 212 576 адамға артқан. Өсімнің негізгі себептері табиғи өсім — 196 423 адам, көші-қон сальдосы — 16 153 адам, — делінген хабарламада.

Статистикаға сәйкес, халық саны ең көп өңірлер қатарында бұрынғыдай 7 өңір көш бастап тұр.

Атап айтқанда, Алматы қаласы — 2 347 924 адам, Түркістан облысы — 2 148 658 адам, Астана қаласы — 1 638 233 адам, Алматы облысы — 1 596 331 адам, Шымкент қаласы — 1 293 648 адам, Жамбыл облысы — 1 215 373 адам, Қарағанды облысы — 1 131 287 адам.

Сондай-ақ халқы ең аз үш өңірдің тізімі өзгеріссіз қалды. Олар ұлытау облысы — 218 993 адам, Солтүстік Қазақстан облысы — 514 156 адам, Абай облысы — 595 676 адам.