$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таразда тілі шықпаған нәрестені төпелеп ұрып жатқан видео әлеуметтік желіге тарады

AstanaTV
02.02.2026ж. 19:00
Таразда тілі шықпаған нәрестені төпелеп ұрып жатқан видео әлеуметтік желіге тарады

Тілі шықпаған нәрестені төпелеп,  аямай  ұрып-соққан. Әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео тарады. Ажырасқан күйеуіне қыр көрсеткен тараздық әйел бар өшін 2 жасар баласынан алған көрінеді. Безбүйрек ананың әрекетін  сәбидің әкесі желіге жүктепті.   

Белгілі болғандай, 19 жасар әйел күйеуінен 5 ай бұрын ажырасқан.  Бұл іске қатысты  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бүлдіршіндер балалар үйіне уақытша орналастырылған.    Енді әйелді ата-ана құқығынан  айыру мәселесі қаралып жатыр. Әйелдің әрекетіне қатысты медициналық тексеріс тағайындалды. Бар ашуын баладан алған қатыгез ананың ендігі тағдырын сот шешпек.

ҰЛАНА СЛАМБЕКОВА, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлеуметтік желіде балаларды ұрып соғу фактісі бойынша полиция тарапынан арнайы іс қозғалып, бүгінгі күнде тергеу амалдары жүруде. Кәмелет жасына толмаған екі бала қала әкімінің қаулысына сәйкес балалар үйіне орналастырылды. Бала бақылауда, жағдай тұрақты. Анасы медециналық тексерістен өтуде.