$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оңтүстік Кореяда өрттен кейін жоғалып кеткен 60 жастағы қазақстандық азамат әлі табылмады

Оңтүстік Кореяда өрттен кейін жоғалып кеткен 60 жастағы қазақстандық азамат әлі табылмады

Оңтүстік Кореяның Мэндон-мён қаласындағы зауытта шыққан өрттен кейін 60 жастағы қазақстандық ер адам із-түссіз жоғалып кетті. Тұрмыстық тауарлар өндіретін фабриканың 80-ге жуық қызметкері эвакуацияланған. Тек 2 жұмысшының  қайда кеткені белгісіз. Оның бірі –отандасымыз, екіншісі – 23 жастағы Непал азаматы. Қызыл жалын зауыттың 5 ғимаратын түгел өртке ораған. Тіпті жақын маңдағы таулы аймақтың мың шаршы метрін шарпыған. Өртті сөндіруге 400 құтқарушы, 7 тікұшақ пен 100 техника жұмылдырылған.

ЧАН ХЁН-БЭК, ЧХУНЧХОНБУК-ДО, ЫМСОН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Өрт өте күшті болғандықтан, құтқарушылардың жақындауы қиын болды. Біз жоғалған адамдарды табу үшін бар күшімізді салып жатырмыз. Алдын ала анықталған мәлімет бойынша, жоғалған адамның ұялы телефоны өрт шыққан ғимарат пен оған іргелес зауыттың арасындағы дәретханадан табылды.

Жергілікті полиция іздестіру нәтижесінде оқиға орнынан бір мәйітті тапты. Алайда оның жеке басын анықтау мүмкін болмай, медициналық сараптамаға жіберген. Қазақстан елшілігі Кореяның құзырлы органдарымен, сондай-ақ, хабарсыз кеткен азаматтың туыстарымен байланыста. Мәселе сыртқы істер министрлігінің бақылауында.