"АҚШ бізге шабуыл жасаса, бүкіл Таяу Шығыс қанға боялады". Иран көшбасшысы Аятолла Трампқа ескерту жасады. АҚШ Президенті болса, Иранға жасайтын шабуылдың ауқымы мен қуаттылығынан өзінен басқа ешкім хабардар емес екенін жеткізді. Сонымен қатар, Трамп, өзін қолдамаған қалалардағы жаппай тәртіпсіздікті басуға көмектеспейтінін айтты. Қол үшін беру үшін демократтар тізерлеп тұрып сұрасын, - дейді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Иран халқы Америкадан қорықпайды. Трамп шабуылдаса, бүкіл Таяу Шығыс қанға боялады. Бұл соғыс тек Иранмен шектелмейді, - дейді Иран көшбасшысы. Аятолла Хаменеидің айтуынша, ел де жауап ретінде өзінің теңіз флотын соғысқа қызу дайындау үстінде.
АЛИ ХАМЕНЕИ, ИРАН АЯТОЛЛАСЫ:
Трамптың шабуылы Иран халқына еш зиян тигізе алмайды. АҚШ қанша кеме әкелсе де, біздің тәжірибеміз жеткілікті. Біз – алпауыт елміз. Сондықтан, біздің де жауабымыздың ауқымы кең болады.
Дегенмен, екі ел ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы ақпаратты Трамп та растады. Бірақ, АҚШ Президенті Иран келіспесе, елдің инфрақұрылымын және билігін толық жойып жіберуге мәжбүр болатынын жасырмады.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Иранның ядролық бағдарламасы бойынша өткен жолы келіссөз жүргізгенде, олардың 3 нысанының түгін қалдырмап едім. Енді қалай болатынын көрерміз. Өзіме де қызық болып отыр. Алайда, осы жолы ықтимал шабуылдайтын нысандардың тізімі бар. Оларды сіздерге айтып, жариялай алмаймын. Соққы жасаған кезде, білесіздер.
Демократтар басқарған штаттар мен қалалардағы жаппай тәртіпсіздікті басуға көмектеспеймін. АҚШ Президенті саяси қарсыластарына тағы сес көрсетті. Айтуынша, демократтар көпшілікке оны жамандағанымен, көмек сұрайды. Сол үшін Трамп енді жария етіп, тізерлеп тұрып көмек сұраса ғана қол ұшын созамын, - дейді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Өткен жылы Лос-Анджелесте мыңдаған қарақшының көзін жойдым. Қала билігі де, губернатор да менің еңбегімді мойындады. Қалғандары әлі мойындайтын ойлары жоқ. Сондықтан, мен Ішкі Қауіпсіздік министріне бұйрық бердім. Саусағының ұшын да қимылдатпайды. Менің алдыма келіп, тізерлеп, өтінемін, - десе, әскер жіберемін.
Газа секторына қайтадан гуманитарлық көмек келе бастады. Израиль қысымына қарамастан, Мысырдан бет алған жүк көліктері Рафах кеден бекетіне жетті. Соңғы израильдік тұтқынның денесін Хамас қайтарғаннан кейін, Премьер-министр Нетаньяху азық-түлік кіргізуге рұқсат берген.