«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізді. Еріктілер 80 жастағы II топ мүгедегі, жалғызілікті зейнеткер анаға көмек көрсетті. Қыздар кейуананың үйін тазалады. Айта кетейік Таразда 300 ге жуық мүгедек пен жалғызбасты қарт бар. Оларға әлеуметтік қолдау көрсететін жүзден астам қызметкер бар. Мұндай игі шараға белсенді жастар апта сайын атсалысып келеді.
ШЫНАР ТОҚТАМЫС, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Бүгін біз «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізіп жатырмыз. 78 дегі әжеміздің үйІне келіп үйін жинап, ыдысын жуып, қоқыстарын тастып, еденін жуып өзіміздің көмек қолын создық. Бұл акцияны аптасына бір рет өткізіп тұрамыз.