$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды облысында«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

02.02.2026ж. 19:00
Қарағанды облысында«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Қарағанды облысының Теміртау қаласында «AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Қалалық турнирге студенттер мен оқушылардан құралған 20 шақты команда қатысты. Жаттықтырушылардың айтуынша, Тоғызқұмалақ ұлттық зияткерлік ойынына қызығушылық артқан. Математикалық есептерге негізделген ойынға балалар көп келеді. Бірнеше сайыста топ жарғандар бар. Бұл жолы қалалық турнир жеңімпаздары облыстық кейін республикалық чемпионатқа жолдама алады.

ӘКІМ САЙДОЛЛА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

«Amanat» партиясының Теміртау спорт бөлімдерінің қолдап осы ұлттық ойынды дамытып жатқанына өте қуаныштымыз. Бізде енді жетістіктер өте көп. Осы Теміртаудың спортшылары Чемпионат Мирада 5- інші, 3- інші орындар алған. Чемпионат Азияда 2- інші, 1- інші, 3- інші орындар бар.