$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ірі көлемде есірткі тасымалдаған

02.02.2026ж. 23:21
Ірі көлемде есірткі тасымалдаған
Фото: Абай облыстық ПД

Абай облысының полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тасымалдамақ болғандардың жолын кесті.

«Аягөз-Шеп» стационарлық бекетінде полицейлер Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны тізгіндеген Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігін тексеру үшін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің тыйым салынған заттарды тасымалдауы мүмкін деген күдік туындады.

- Дәлелдерді жедел түрде тіркеу және тиісті әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында оқиға орнына кезекші тергеу-жедел тобы шұғыл түрде жеткізілді. Көлікті тінту барысында өсімдік тектес, жасыл түсті, өткір иісі бар зат салынған екі картон қорап табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 18 099,47 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты болып шықты, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.