$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тәжікстанда 5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

03.02.2026ж. 06:20
Тәжікстанда 5 тоннадан астам есірткі тәркіленді
Фото: Абай облысының полиция департаменті

Тәжікстанда 2025 жылы 5 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Бұл туралы қорытынды баспасөз мәслихатында ТР Есірткіні бақылау агенттігінің директоры Зафар Самад мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Спикердің айтуынша, елде есірткі айналымымен байланысты 1 003 қылмыс анықталған. Құрамында 88 адамы бар есірткімен айналысатын 44 қылмыстық топтың жолы кесілді.

- Барлық құқық қорау және күштік құрылымдардың күшімен Тәжікстанда өткен жылы 5,28 тонна есірткі тәркіленді. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 899 келіге немесе 21 пайызға көп, - деді Хафар Самад.