$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әуесқой хоккейші мұз айдынында көз жұмды

03.02.2026ж. 10:40
Әуесқой хоккейші мұз айдынында көз жұмды
фото: pixabay

Қарағанды қаласында өткен әуесқой хоккей матчы кезінде ойыншы көз жұмды. Салтанатты сапқа тұру сәтінде хоккейшілердің бірінің жағдайы кенеттен нашарлап, есінен танып, мұз үстіне құлаған. 

 

Оқиға орнында болғандар бірден алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқан. Артынша жедел жәрдем шақырылғанымен, дәрігерлер келгенге дейін ер адам қайтыс болған. Медициналық бригада өлім фактісін ғана тіркеген.

Белгілі болғандай, марқұм 46 жастағы «СКА-Приозерск» командасының ойыншысы болған. Ол Ресей Федерациясының азаматы, Қарағандыға қызметтік іссапармен келген. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ол кәсіби спортшы емес, өзге қатысушылар секілді жұмыс күнінен кейін әуесқой деңгейде хоккей ойнаған.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны растады.

Қазір ер адамның қайтыс болу себептері нақтыланып жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде.