$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Талдықорғанда әкесі баласын аяусыз соққыға жыққан

03.02.2026ж. 11:20
Талдықорғанда әкесі баласын аяусыз соққыға жыққан
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

3 жастағы бала зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Баланың әкесі тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, осы іс бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта анасы баламен бірге медициналық мекемеде, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.