$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Серік Сәпиев қызметінен кетті

03.02.2026ж. 11:00
Серік Сәпиев қызметінен кетті
Фото: © Instagram.com/serik_sapiyev

Қарағанды облысында орынбасарымен төбелесіп, басы дауға қалған Серік Сәпиев және оның орынбасары да қызметінен кетті. Оқиғаға қатысты Қарағанды облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

«Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды», – делінген әкімдік хабарламасында.