Енді мемлекеттік санитариялық дәрігерлер құқық бұзушылықтардың себептерін жою жөнінде бюджет бағдарламаларының әкімшілеріне ұсыныс енгізе алады. Бұл туралы Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.
Сондай-ақ мемлекеттік меншік нысандарына қатысты жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдарға міндетті ұсынымдар жолдап, олардың орындалуын талап ету құқығына ие болды.
Бұл шаралар балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, санитариялық талап бұзушылықтарды ерте анықтауға бағытталған.