$541.34 €640.73 ₽6.53
×

6 вагон рельстен шығып кетті

03.02.2026ж. 14:58
6 вагон рельстен шығып кетті
фото: ҚТЖ

Қызылорда жүк тасымалдау бөлімінің Белкөл стансасында маневрлік жұмыс кезінде 6 вагон рельстен шығып кеткен. 

«Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, тазалық жұмысы кезінде жолдың бұрылыс бөлігінде 6 вагон сағатына 3-5 шақырым жылдамдықпен рельстен шығып кетті. Оның 4-еуі дизель отыны тиелген цистерна болса, қалғаны – бос вагондар. 

– Алдын ала мәлімет бойынша вагондар жерге қырымен түскен. Жапа шеккендер жоқ. Бұл оқиға пойыздардың негізгі жолмен қозғалуына еш кедергі жасамайды. Жылжымалы құрам мен жолға да кесірі тимеген. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.