$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Абай облысында автобус аударылды, ішінде 50 жолаушы болған

03.02.2026ж. 15:33
Абай облысында автобус аударылды, ішінде 50 жолаушы болған
фото: видеодан алынған кадрлар

Жол апаты Знаменка ауылы маңында болған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, SETRA маркалы автобус жиегіне шығып кетіп, бүйіріне аударылған. Автобустың салонында 50 жолаушы болған. Олар  вахтаға бара жатқан көрінеді. 

Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, апаттың себептері мен жағдайлары анықталуда.

Оқиға салдарынан жолаушылар жеңіл жарақат алды, өміріне қауіп жоқ. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді.