Депутаттардың аймақтарға жұмыс сапары жалғасуда. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ақмола облысы тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді. Палата спикері алдымен "Қазақстандық агроинновация корпорациясы" цехының жұмысымен танысты. Тіркемелер, жем өндірісі құралдары сияқты бірқатар жаңашылдықтарды көріп шықты. Сондай-ақ өндірісті кеңейту перспективалары туралы әңгімеледі. Ал өңірдегі денсаулық сақтау саласы мамандарымен кездесуінде халықты әлеуметтік қорғау, медициналық көмек, сондай-ақ саладағы өзге де түйткілді мәселелер талқыланды. «Көкшетауминводы» еңбек ұжымымен өткен жиында отандық кәсіпкерлерді қолдауды арттырудың маңыздылығы сөз болды.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алдымызға қойған мақсаттар мен міндеттерге баса көңіл бөлінді. Көптеген ұсыныстар, көптеген пікірлер, соның ішінде проблемалар да айтылды. Олардың барлығы алдағы заң шығару жұмысында ескеріледі.
Диана
САПАРҚЫЗЫ