Былтыр елімізде 43 мыңнан астам адамнан онкологиялық ауру анықталды. Қазір Қазақстанда қатерлі ісікпен өмір сүріп жатқан адамдар саны 246 мыңнан асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,6% көп.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Айша Молдашеваның айтуынша, науқастар санының өсуі ең әуелі ауруды ерте анықтау көрсеткіштерінің жақсарғанымен байланысты. 2025 жылы елімізде скринингтік бағдарламалар кеңейтіліп, диагностика сапасы артқан.
Қазір ауруды анықтау деңгейі ғана өсіп қана қойған жоқ, бұл — онкологиялық ауруларды ерте анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстың да арқасы. Бұл емдеуді уақтылы бастауға мүмкіндік беріп, науқастардың ұзақ әрі сапалы өмір сүру мүмкіндігін едәуір арттырады.