$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Жылуға ақы төлейміз, жылынбаймыз», - тұрғын

AstanaTV
03.02.2026ж. 19:00
«Жылуға ақы төлейміз, жылынбаймыз», - тұрғын

Ақтөбедегі Есет батыр тұрғын алабының тұрғындары қақаған қыста  суық пәтерде бүрсеңдеп отыр.  Мұнда 55 мыңнан астам халық тұрады. Жылу бар, бірақ қызуы мардымсыз. Халық бұған коммуналдық мекемені айыптайды. «Жылуды әдейі үнемдеп отыр», дейді. Мәселенің мән-жайын өңірдегі әріптесім Жанар Датқызы тарқатады.

Ғазиза Собалова- 5 баланың анасы. Кенжесі - небәрі бір айлық. Пәтердің іші қара суық. Балаларға қиын дейді.

ҒАЗИЗА СОБАЛОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Журналистерді шақырған кезде алады да отоплениені қосып қояды қыздырып, сіздер кеткеннен кейін қанжылым қылады. Қап-қалың болып киініп, таңертеңгілікті тұрғанда соның өзінде осылай дірдектеп тұратын едік.

Тұрғындар коммуналдық мекеме жұмысына наразы. Ай сайын жылға 30–40 мың теңге төлесек те, үйімізде бүрсеңдеп отырмыз дейді. Бұл аумақтағы үйлер бюджет есебінен салынған. Мұғалімдер, дәрігерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім-жесірлер мен көпбалалы отбасылар тұрады. Биылғы қаһарлы қыс жағдайды одан әрі қиындатып жіберген. Көпшілік электр жылытқышқа тәуелді. Кейбір отбасы балаларын суықтан қорғау үшін үйдің ішінде шатыр құрып алуға мәжбүр.

ГҮЛДАНА НЫСАНАЛИНА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Өзімнің 4 балам бар. Кухняға жатам, балдарымның бәрін де кухняға жатқызам. Потому что кухняда ішеміз, кухняда жейміз, кухняға жатамыз. Потому что басқа бөлмеге шықсақ невозможно-бір морозильникке кірген сияқтымыз. Газымды жағып жатамын балдарым ұйықтағанша. Балдар ұйықтағаннан кейін өшіремін де сол жылумен таңға дейін шығамыз.

Ал «Ақтөбе Су Энерджи Груп» компаниясы болса, өз тарапынан кінәрат жоқ екенін алға тартып отыр. Компания өкілінің айтуынша, мәселе тұрғындардың өзінде дейді.   

ЖАНБОЛАТ САРМАНОВ, «AQTOBE SU-ENERGY GROUP» АҚ БАС ИНЖЕНЕРі:

Кейбір квартиралар жаңа айттым ғой, балконының есіктері дұрыс қапталмаған, бірінші этажда тұратындардың полдары қапталынбаған, терезелері дұрыс бекітілмеген. Аязда сондайдан салқын келген.

Тұрғындар жылуға уақытылы әрі толық төлем жасап отырғанын айтады.  Сондықтан соған сайықызмет көрсетілсін дейді.