$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысының бортын Пәкістан әуе күштерінің ұшақтары күтіп алып, қапталдасып ұшты. Қасым-Жомарт Тоқаевты Исламабад әуежайынан Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды.  Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті. Мемлекеттік сапар аясында ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады деп күтілуде.