«AMANAT» партиясы өңірлердегі жұмысқа қойылатын талапты күшейтті. Астанада өткен Партиялық бақылау комитетінің отырысында бірқатар аймақтағы Жол карталарының орындалуы сынға алынды. Сондай-ақ отырыс барысында кей облыстан түскен есептерде кемшіліктерге жол берілген. Тіпті, мәліметтердің жиі түзетілгені байқалған. Бұл жергілікті деңгейде бақылаудың әлсіз екенін көрсетеді. Депутат Павел Казанцев партия үшін жоспарланған міндеттің уақытында әрі сапалы орындалуы басты назарда екенін айтты.
ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазір басты міндетіміз - жол карталарының уақытылы, толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Бұл алдағы жаңа сайлауалды күресте маңызды саяси ресурсқа айналады. Бүгінгі жұмысымызды осы бағытта жүргізуді ұсынамын.