$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Қызылорда – Жезқазған» жолы кезең-кезеңімен іске қосылуда

AstanaTV
03.02.2026ж. 19:00
«Қызылорда – Жезқазған» жолы кезең-кезеңімен іске қосылуда

Биыл «Қызылорда-Жезқазған» автожолында көлік қозғалысы қайта жанданды. Қызылорда облысындағы бөлігі толық жөнделіп, пайдалануға берілген. Ал Ұлытау өңіріндегі учаскені жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр. Жолдың жалпы ұзындығы 400 шақырым. Соның 208 шақырымы Ұлытау облысына тиесілі. Бұл аумақта төрт мердігер компания жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, биыл Қарағанды-Жезқазған,  Қызылорда-Сексеуіл жолын жаңғырту жоспарлануда. Аталған жол жобалары өңірлерді өзара байланыстырып, елдегі көлік қозғалысының қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.

СӘКЕН ДІЛДАХМЕТ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда Ұлытау облысында жұмыстар жүргізілуде. Ұлытау облысы бойынша қалған 200 шақырым жолды биыл 2026 жылдың аяғына дейін негізгі жұмыстарды аяқтап, қозғалысты ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл енді  елміздің Орталығын Оңтүстікпен қосатын, Оңтүстіктен Бастысқа ашатын маңызды күре жолдың бірі.