Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарағанды облыстық құрылыс басқармасының экс-басшысы жазадан құтылды

AstanaTV
05.01.2018ж. 20:00
2212
Қарағанды облыстық құрылыс басқармасының экс-басшысы жазадан құтылды

Қарағанды облыстық құрылыс басқармасының экс-басшысы Темірғали Дүйсенбаев рақымшылыққа ілініп жазадан құтылды. Ол Саран қаласында іске қосылуы тиіс қазандыққа бөлінген ақшаны талан-таражға салды деп айыпталған. 

Манат Жұмақаева, Қарағанды қаласы №2 Қазыбек би аудандық сотының судьясы:

Темірғали Дүйсенбаев Қылмыстық кодекстің 307-інші, яғни қызмет өкілеттігін теріс пайдалану бабымен кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Дүйсенбаев тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жарияланған Рақымшылық туралы заңға сай жазадан босатылды.

Қазынаның 50 млн теңгесін жымқыру ісі бойынша Темірғали Дүйсенбаевпен бірге тағы 4 адам айыпталған. Сот үкіміне сай олар да жауапкершіліктен босатылды. Ал әкімдік жымқырылған қомақты ақшаның бюджетке қайтарылуын талап етуде.

Айта кетейік, ақша Сарандағы қазандықтың құрылысына бөлінген. Бас мердігер «Павлодар қазандық зауыты» мен құрылыс басқармасы тиісті келісімшарт жасасқан. Оған сәйкес, 2015 жылы орталықтандырылған жылу орталығы іске қосылуы тиіс еді. Тергеу материалдары бойынша, Темірғали Дүйсенбаев, құрылыс жұмыстарының көп бөлігі орындалды деп, әкімдікке жалған ақпар беріп отырған. Сотта бюджетке қаржыны нақты кімдердің қайтаратыны анықталмады. Өйткені қазандыққа қатысты тағы бірнеше қылмыстық істер қаралып жатыр.