$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көкшетауда полицейлер 6 жасар баланы құтқарып қалды

03.02.2026ж. 23:34
Көкшетауда полицейлер 6 жасар баланы құтқарып қалды
фото: Қазақстан полицейі

ППБ командирі Азамат Кабиевтің басшылығымен Саин көшесін патрульдеу кезінде полицейлер баланың көмекке шақырған дауысын естіген. Сақшылар қызметтік көлікті дереу тоқтатып, жол жиегіндегі арыққа аяғы түсіп кеткен баланы байқады. Ол өздігінен шыға алмағандықтан қатты қорқып, жылап қалған.

Полиция қызметкерлері баланы дереу арықтан шығарып, қызметтік көлікке отырғызды, су болған киімін шешті. Алғашқы сәттерде полицейлер бала жарақат алуы мүмкін деп алаңдаған, алайда тексеру барысында оның денсаулығына зиян келмегені анықталды. Кішкентай баланың жанында телефон болмаған, ата-анасының байланыс нөмірін де білмеген. Полицейлер оның тұрғылықты мекенжайын анықтап, баланы үйіне жеткізіп, анасына тапсырды. Белгілі болғандай, бала мектептен үйіне жалғыз қайтып келе жатқан.