$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы музейі енді түнгі он екіге дейін жұмыс істейді

Алматы музейі енді түнгі он екіге дейін жұмыс істейді
фото: gov.kz

Ақпан айынан бастап Алматы музейі жаңа жұмыс кестесіне көшеді. Енді музей сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Дүйсенбі тазалық күні.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жұмыс кестесіндегі өзгеріс музейге жұмыстан немесе оқудан кейін келуге ыңғайлы болу үшін енгізілді.

Алматы қаласының тарихын көне дәуірден бүгінгі күнге дейін қамтитын музейдің экспозициялық кеңістігі 11 залдан тұрады. Мекенжайы - Қабанбай батыр көшесі, 132.