Қазақстанның сауда сөрелерінде адам денсаулығына қауіпті жалған өнім көбейген. Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов елдегі контрафакт айналымының қауіпті шекке жеткенін айтты. Бүгінде күнделікті тұтынатын тіс пастасынан бастап, құрылыс материалдары мен алкоголь өнімдері жаппай контрафакт айналымының құрбанына айналды. Жағдайдың ушыққаны соншалық, 2025 жылы тәркіленген заңсыз тауар көлемі өткен жылмен салыстырғанда бірден он есе артқан. Енді халық қауіпсіздігі үшін бақылауды күшейтіп, контрафакт өндірушілердің жауапкершілігін қатаңдату талап етіліп отыр.
МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Тауарлар сыртқы түрпаты жағынан түпнұсқаны қайталағанымен қаптамасымен таңбалануы ресми талаптарға сәйкес келмеген құжатсыз міндетті таңбалаусыз және санитарлық эпидиомлогиялық қорытындыларсыз таратылып, азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіруде.