Жамбыл облысында ем қабылдағаннан кейін екі адам көз жұмды. Тексеру барысында медициналық орталықтың заңсыз жұмыс істегені анықталды. Былтыр медициналық талаптарға сай келмейтін 400-ге жуық мекеменің жұмысы тоқтатылған. 140-тан астам стоматологиялық клиника жабылды. Заңсыз жұмыс істеген ұйымдарға 500-ден астам әкімшілік жаза қолданылып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асқан. Биыл бақылау талаптары онан сайын күшейтілмек.
БАУЫРЖАН ЖҮСІПОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қажетті құрал жабдықтар бойынша, сондай тексеру барысында осындай фактілер анықталды. Сол себепті сол фактілер бойынша біз осындай 390 медициналық ұйымдар бұл көбінесе бәрін айтайық бәрі жекеменшік ұйымдар соның ішінде біз айтамыз ем шара кабинеттерін анықтадық. Олардың көп жағдайда істеп жатқан медициналық қызметтері біздің бектіліген стандарттарға сәйкес емес.