$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Қызылжарда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды

Қызылжарда орман ішінде 18 жасар жігіттің мәйіті табылды. Ол  Петропавлдағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Полицияның хабарлауынша, жігіт қаңтардың 14-і күні жұмысынан шығып, таксимен қалалық тубдиспансерге қарай бет алған. Кейін із түссіз жоғалып кетіпті. Оның  байланысқа шықпай жүргені жайлы   әпкесі екі апта өткен соң ғана хабарлаған. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жариялап, мәйітін  орман ішінен тапты. Мәйітте зорлық белгілері жоқ. 

ТІЛЕМІС КӘРІМОВ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, кинологтар, әскери қызметшілер, жедел құтқару мамандары, сондай-ақ Лидер кз еріктілер қозғалысының өкілдері жұмылдырылды.