Павлодарлық әйел күйеуін пышақтап өлтірді. Сұмдық оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған. Екеуара ішімдік ішкен әйелі мен күйеуі жанжалдасып қалыпты. Ашуға берілген әйел күйеуінің кеуде тұсына пышақ салған. Салдарынан ер адам көз жұмды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында белгілі болғандай ерлі-зайыпты үнемі ішімдік ішкен. Бұны көршілері де растапты. Өйткені, күнде айқай шу болып, жанжалдасқан көрінеді. Қылмыстық істі қараған сот әйелді кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.
БЕЙБАРЫС ҚҰСАЙЫНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:
Сот соққының қасақана және күш қолдану арқылы жасалғанын анықталды. Сараптамалар айыпталушының әрекеті мен адамның қаза болуы арасындағы байланысты растады. Қылмыстық істің барлық материалдарын зерделей келе, сот айыпталушыға орташа қауіпсіздік мекемесінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.