$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында жылқы аштықтан қырылып жатыр

Атырау облысында  жылқы аштықтан қырылып жатыр

Атырау облысында  жылқы малы аштықтан қырылып жатыр. Исатай ауданына қарасты далалықта Қамбар ата төлі тіске ілігер шөп таппай тентіреп кеткен.

Оның үстіне  қаңтардың ортасында жаңбыр жауып, көк мұзға айналған. Кейін кей жерлерде бір метрге дейін  дейін қар түсіп, өзі аш жануар қынадай қырылуда.  Қабырғасы ырсиып, жер-жерде сұлап жатқан түлікке көз үйренген.Бейресми мәлімет бойынша, 50 шақты жылқы арам қатқан. Ішінде жеке адамдардың да, шаруа қожалықтарының да малы бар. Алайда әлі қаншасы қар астында қалғаны белгісіз.  Жергілікті әкімдік өкілдері биыл соңғы онжылдықта жаумаған қар түскенін айтып отыр. Малға иелері жауапты,- дейді.  Шаруалар болса, жем-шөп алу үшін арық малды сата алмадық,-деп отыр.

НЫСАН ИБРАИМОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Бәрін көз алдымызда өлтіріп жатырмыз. Шөп жоқ қазір. Рулан сатып алу қымбатқа шығып кетіп жатыр 14-15 мыңнан келіп жатыр. Қазір оншақты бас өлді. Екі үйір Тасоба елді мекенінде каналға суға түсіп кетті қазір. Құрақ жеймін деп, басқа жейтін шөп жоқ. Содан суға түсіп кетті. Жігіттер былай шықсаң, 3метр, 5 метр сайын шашылып жатыр,- дейді. Құлаған жылқы ғой бәрі биыл малдың өзі арық болды, жазда шөп болмады.

НҰРБЕРГЕН ӨТЕГЕНОВ, ИСАТАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мамандардың нұсқамасына сәйкес, аталған жануарлар аштықтан көтерем болуына байланысты өлуі мүмкін. Соған қарамастан аудан әкімдігі тарапынан  аудандандағы кәсіпорындармен бірлесе отырып, тұрғындарды арзан мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында өндірістік кәсіпорындармен бірлесіп тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда.