$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Эквадордан келген гүл партиясынан батыс гүл трипсі анықталды

05.02.2026ж. 08:30
Эквадордан келген гүл партиясынан батыс гүл трипсі анықталды
Фото: АШМ

«Сарыарқа» халықаралық әуежайының фитосанитариялық бақылау бекетінде Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантинге жатқызылған өнімді импорттау кезінде бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында фитосанитариялық талаптарға қайшы әрекеттерді анықтады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Бақылау іс-шаралары аясында Эквадор Республикасынан келген раушан гүлдерінен сынамалар алынды.Жалпы көлемі 50 695 дана.

«Фитосанитария» РМК Қарағанды облыстық филиалының сараптама қорытындысына сәйкес, гүлдердің бір бөлігінен карантиндік нысан — батыс гүл трипсі табылып, әкімшілік іс қозғалды.

Материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.