Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елге нипах вирусының енуінің алдын алу мақсатында Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баратын қазақстандық туристерге арналған ұсынымдарды жариялады.
Жарқанаттар, доңыз және басқа да жануарларға жоламау керек, жеке бас гигиена талаптарын сақтауға, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдануға, тек қауіпсіз ауызсуды тұтынуға, шикі финик шырынын ішпеу және жануарлар ластауы мүмкін өнімдерді тұтынбауға және жеміс-жидек пен көкөністерді қолданар алдында мұқият жуу және тазалауға кеңес береді. Егер дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе қатты бас ауруы сияқты белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.