$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан Пәкістанға 600 электр автобусын жеткізеді

04.02.2026ж. 17:41
Қазақстан Пәкістанға 600 электр автобусын жеткізеді
фото: falconeurobus.kz

Қазақстандық Falcon EuroBus компаниясы Пәкістанға 600 электр автобусын экспорттайды. Тиісті келісім «Қазақстан-Пәкістан» бизнес форумы аясында Исламабадта жасалды. Алғашқы жеткізілім биыл сәуір айында басталады. Келісім құны - 108 млн АҚШ доллары.

Компания 2027-2028 жылдары Пәкістанға экспорт көлемін 2000 автобусқа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бизнес форум қорытындысы бойынша Falcon EuroBus пен пәкістандық OGCC International компаниясы арасында коммерциялық құжатқа қол қойылады.