$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ШҚО-да 400-ге жуық халқы бар ауыл ішімдіктен толық бас тартты

05.02.2026ж. 10:41
ШҚО-да 400-ге жуық халқы бар ауыл ішімдіктен толық бас тартты
Фото: ашық дереккөзден алынды

ШҚО-дағы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылының тұрғындары ішімдіктен түгел бас тартты.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қуаныш ауылы - Зайсан ауданындағы ресми түрде тіркелген үшінші үлгілі ауыл. Бұл бастама құқық бұзушылықтардың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Қазір Қуаныш ауылында 80-нен астам үйде шамамен 370 адам тұрады.